Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағандыда жыл соңына дейін 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:33 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/karagandyda-zhyl-sonyna-deyin-5-mynnan-astam-pater-paydalanuga-beriledi_a3756727


Қарағандыда жыл соңына дейін 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жыл соңына дейін 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Пәтерлер иелерінің кооперативтері қалай қосымша табыс табады Мүлік иелері бірлестігін құрудың қандай артықшылықтары бар Көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына қалай көшу керек

«Жақында өткен есеп беру кездесуі кезінде тұрғындар тарапынан тұрғын үй мәселесі жиі көтерілді. Облыста әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрған 36 мыңнан астам азамат бар. Өкінішке қарай тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтар біраз уақыт тосуға мәжбүр. Олардың көбі өз пәтерлерін 10 жылдан астам уақыт күтеді. Осы мәселені назарға ала отырып, біз алдымызға жыл сайын құрылыс қарқынын арттыру міндетін қойдық»,-жазады әкім.

Ол келтірген деректерге қарағанда, өткен жылы өңірде құрылыс жұмыстары қарқынды жүрді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 21 млрд теңге қаражат бөлінді. Тек жергілікті бюджет қаражатынан ғана жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 4,2 млрд теңге жұмсалды. Осы арқылы қосымша пайдалануға шамамен 300 пәтер берілді.

Барлығы 530 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 26% - ға артық. 6,5 мың отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты, оның ішінде кезекте тұрған 2,5 мың азамат бар. Олардың қатарында 589 көпбалалы отбасы және 180 жетім бала бар.

Әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғын үй беру қарқыны бір жылда 40% - ға өсті.

«Қазір көптеген адамдар жер үй салғысы келеді. Бұл үшін коммуникация мәселесін шешу қажет. Осы мақсатта 2 мың жер учаскесін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін биыл облыс үшін рекордтық 5,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұдан басқа, біз ауылда тұрғын үй салу кезіндегі шығындардың бір бөлігін субсидиялауды жоспарлап отырмыз»,-дейді облыс әкімі.

Оның айтуынша, өңірлер бойынша алғанда, жыл соңына қарай 5000 – нан астам пәтер Қарағандыда, 300 пәтер Теміртауда, 250 пәтер Жезқазғанда, 59 пәтер Сәтбаев қаласында, 240 пәтер Саран қаласында, 190 пәтер Бұқар Жырау ауданында, 140 пәтер Жаңаарқа ауданында, 129 пәтер Балқашта, 39 пәтер Приозерскіде, 90 пәтер Нұра ауданында, 68 пәтер Абай ауданында, 74 пәтер Шахтинск қаласында, 57 пәтер Қаражалда, 56 пәтер Ақтоғай ауданында, 86 пәтер Қарқаралы ауданында, 75 пәтер Осакаров ауданында, 63 пәтер Ұлытау ауданында, 77 пәтер Шет ауданында пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

«Жалпы алғанда, 3 мыңнан астам отбасын, оның ішінде 600 көпбалалы отбасын жалдамалы және несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін құрылыс көлемін 25% - ға арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жыл соңына қарай 662 мың шаршы метрден астам баспана салынады деген сөз»,-деп қорытады сөзін Жеңіс Қасымбек.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359669
Пікірлер

Көрші сілтемелер