Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақпан айында Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:42 - 2021/01/25

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/akpan-ayynda-kyzylorda-oblysynda-koronaviruska-karsy-vakcina-egu-bastalady_a3745139


Ақпан айында Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ақпан айынан бастап коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 80 мың дозасы кезең-кезеңімен жеткізіледі. Бүгінде оған дайындық жұмыстары жүруде.

«Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулары бар топтағы адамдарға салынады. 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарияларға екпе салынбайды. Бүгінде облыс бойынша 154 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек, шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 64 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылды. Вакцина бір адамға екі мәрте салынады. Яғни бірінші екпе қабылданғаннан кейін 21 күннен кейін қайта егіледі», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Екпе салу ерікті түрде жүргізіледі. Сондықтан оған үрке қараудың ешбір негіз жоқ.

«Бұрынғы жылдарда да мұндай ауруларға қатысты түрлі екпе жасалып келді. Сол арқылы олардың кең тарауына жол берген жоқпыз. Сондықтан түсіністікпен қараған жөн. Тағы бір ескертетіні вакцина жалпыламай салынбайды. Ерікті түрде жүзеге асырылады», - деді облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Қазір облыс «жасыл» аймақта. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күрделенген жағдайда 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылатын болады. Оған қоса 54 фильтр кабинеті, қосымша 79 телефон шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ, үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылорда емдеу орындарында коронавируспен күресте нәтижелі жұмыстар атқарылды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1341712
Пікірлер

Көрші сілтемелер