Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар азайып келеді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:12 - 2021/01/25

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-koronavirus-zhuktyrgandar-azayyp-keledi_a3745105


ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзушыларды анықтау жалғасуда

Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда. Бұл туралы брифинг барысында ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Қанат Тұрдиев мәлімдеді.

«Облыс бойынша репродуктивтік санның орташа көрсеткіші -1%-ды құрайды, ал соңғы бір апта ішінде аурудың өсу қарқыны – 0,2%. Бүгінде Шығыс Қазақстан CОVІD-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бұрынғыдай «жасыл аймақта« тұр. Пандемия басталғаннан бері облыс аумағында коронавирус инфекциясының 19 835 жағдайы тіркелген», - деді ол.

Қанат Тұрдиевтың айтуынша, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап облыс бойынша 176 мониторингтік топ 544 рейд жүргізген. Нәтижесінде карантин талаптарын бұзған 69 нысан анықталды. Шектеу шараларын сақтамағандарға 2 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

«ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 22 қаңтардағы қаулысына сәйкес карантин 7 ақпанға дейін ұзартылды. Сондай-ақ 25 қаңтардан бастап ШҚО мен Павлодар облысының шекарасына екі санитарлық бекет қойылды. Бұған коронавирус инфекциясы өршіп кеткен Павлодардың»қызыл« аймаққа кіруі себеп болды. Егер көршілес Алматы, Қарағанды облыстарында эпидемиологиялық жағдай нашарлай бастаса онда Шығыс Қазақстанның сыртқы шекараларына қосымша санитарлық бекеттер орнатылуы мүмкін», - деп толықтырды ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1341702
Пікірлер

Көрші сілтемелер