Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы облысында жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушылар құтқарылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:57 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almaty-oblysynda-zhardan-audarylgaly-turgan-koliktegi-zholaushylar-kutkaryldy_a3744671


Алматы облысында жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушылар құтқарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушыларды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды Атырауда жол апаты 58 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті Қытайда жер астында қалып қойған кенші екі аптадан соң құтқарылды

23 қаңтарда сағат 3:50 шамасында Қарасай ауданындағы шатқалда құтқарушылардан көмек сұрағандардан хабар келіп түскен.

«6 адам мен 1 техникадан жасақталған жедел топ оқиға орнына аттанды. Белгілі болғандай, тауға шығып бара жатқан автокөлік құлауға шақ қалған, яғни оң жақтағы екі дөңгелегі тік жардың шетінде тұрған. Оны сол тұста өсіп тұрған ағаш тіреп қалды. Автомобильде үш адам болды. Жеңіл көліктің жардан төмен қарай аударылуы қаупінен олар машина салонынан шыға алмаған», - деп аталып өткен баспасөз қызметінің мәліметінде.


Құтқарушылар эвакуацияны бастаудың алдында автокөлікті арнайы құралдармен мықтап бекітіп алған. Содан кейін машинаны жолдың үстіне қарай сүйреп шығарып, зардап шеккен адамдар қауіпсіз жерге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1341020
Пікірлер

Көрші сілтемелер