Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Аустралия ашық чемпионатын асыға күтудемін – Зарина Дияс



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:24 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/australiya-ashyk-chempionatyn-asyga-kutudemin-zarina-diyas_a3744653


Аустралия ашық чемпионатын асыға күтудемін – Зарина Дияс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралия ашық чемпионатын асыға күтудемін. Бұл туралы қазақстандық теннисші Зарина Дияс мәлім етті, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жалғас Жұмағұлов UFC-де өткізген екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

З.Дияс қатаң карантин жағдайында жатқан теннисшілер қатарында жоқ екендігін жеткізді.

«Кесте бойынша жаттыға аламын. Бізді бекітілген кестеге сәйкес бірнеше сағатқа кортқа жібереді. Аустралия ашық чемпионатына әзірлік жақсы өтуде. Australian Open алдында 31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтетін тағы бір жарысқа

қатысамын. Әзірге қайсысы (Gippsland Trophy немесе Yarra Valley Classic) екені белгісіз. Бұл турнирге ойыншыларды жеребе, әлде рейтинг бойынша ма, қалай бөлетінін білмеймін», деді З.Дияс.

Заринаның спорттағы маңызды белесі осы Аустралия ашық чемпионатымен байланысты. 2014 жылы 20 жастағы З.Дияс үшінші айналымға дейін жетіп, оның рейтингте жоғары көтерілу жолы басталған болатын.

Ал өткен жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет үш бірдей теннисшіміз «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші айналымына өтті. Биыл да қазақстандық спортшылардың барын салатыны анық. Дегенмен қатаң карантинде жатқан Юлия Путинцева мен Елена Рыбакинаға мұндай шектеу оңай тимеуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисшінің карантинде жатқанын, Елена Рыбакинаның бәрі де қатаң екенін мәлімдегенін жазған болатынбыз.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340984
Пікірлер

Көрші сілтемелер