Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:45 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-kar-kursauynda-kalgan-8-adam-kutkaryldy_a3744636


ШҚО-да қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қарға батқан көлік жүргізушілеріне көмекке келуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет: Қазақстанның солтүстігінде 40 градус аяз болады Түркістан облысында облыстық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды Қызылордада қалың қар жауып, көлік қозғалысына шектеу қойылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше Ұлан ауданындағы тасжолда қар құрсауында қалған «Нива» және «Ланд Крузер» автокөліктерінің жүргізушілерінен хабар түскен.

«Құтқарушылар оқиға орнына бірден аттанды. Екі көлік арнайы техниканың көмегімен қардан шығарылды. Бұдан бөлек, Шемонаиха ауданында «Мерседес Спринтер» және «ВАЗ» көліктері жолда қалған. Оларға да көмек көрсетілді. Барлығы 8 адам эвакуацияланды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Осы ретте, ТЖД өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйін алдын ала біліп алуға кеңес береді. Сондай-ақ қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін айтады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340975
Пікірлер

Көрші сілтемелер