Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Семейде полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:09 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/semeyde-policeyler-4-adamdy-ortten-kutkardy_a3744643


Семейде полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 2 полиция қызметкері 4 адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды Семейде 17 жастағы жас жігіт көпірден секіріп кетті ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 қаңтарда сағат 02.48-де Пархоменко көшесіндегі жер үйден өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Қызыл жалын үйдің кіреберісі мен шатырдың ағаш құрылымдарын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метрге жеткен.


«Өрт сөндірушілер келіп жеткенше сол маңайда жүрген полиция қызметкерлері Диас Ағзамов пен Азамат Ибрайханов терезе арқылы ішке кірген. Жедел қимылдаған сақшылар 1963 жылғы ер адамды, оның 1967 жылғы әйелін, 18 жастағы ұлын және 90 жастағы әкесін сыртқа алып шықты. Оларға ешқандай зақым келген жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарының апаттық режимі немесе отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340968
Пікірлер

Көрші сілтемелер