Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазгидромет: Қазақстанның солтүстігінде 40 градус аяз болады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:03 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazgidromet-kostanay-oblysynyn-sotustiginde-40-gradus-ayaz-bolady_a3744557


Қазгидромет: Қазақстанның солтүстігінде 40 градус аяз болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым аймақтары атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болғандықтан тұрақсыз ауа рай сақталады, қар жауады, республиканың батысында жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада қалың қар жауып, көлік қозғалысына шектеу қойылды 23 қаңтар күнгі ауа райы болжамы Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында – көктайғақ, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340904
Пікірлер

Көрші сілтемелер