Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қызылорда емдеу орындарында коронавируспен күресте нәтижелі жұмыстар атқарылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:57 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kyzylorda-emdeu-oryndarynda-koronaviruspen-kureste-natizheli-zhumystar-atkaryldy_a3744560


Қызылорда емдеу орындарында коронавируспен күресте нәтижелі жұмыстар атқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавируспен күрес бағытында облыстық аурухана мен психикалық денсаулық орталығының мамандары қажырлы еңбек етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында қалааралық және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады Манар Смағұл: Вакцинаның шығарылуы – қауіпті індеттің алдын алуға қол жеткізу Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды

Пандемиямен күресте көпбейінді облыстық аурухананың фильтр бөлімінде 180 төсек орын дайындалған. Оның ішінде жаңсақтау палатасында 20 төсек орын және ота залы жабдықталды. Сондай-ақ, фильтр және қабылдау бөлімдерінде 150 медицина қызметкері жұмыс істеді.

«Ауруханада 15373 науқас емделді. Оған қоса пандемия кезінде 30 орынға арналған инфекциялық бөлім ашылып, 87 науқас ем алды. Қабылдау және фильтр бөлімдеріне 144 дана орталықтандырылған оттегі жүйесі орнатылды. Мұнан өзге, облыстық аурухананың материалдық-техникалық базасы жаңа заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылды. Яғни, 326 оттегі розеткасы, цифрлық жылжымалы рентген, «С-дуга» рентген-аппараттары, 3 наркоз және жансақтау төсек орыны, 9 ИВЛ аппараты алынды», - деді көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұридин Амитов.

Мұндай жұмыстар облыстық психикалық денсаулық орталығында да жүзеге асты.

«Індет өршіген уақытта облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты «Сейхун» провизорлық стационары ашылып, 1 ай жұмыс істеді. 1000-ға жуық науқасты қабылдап, медициналық көмек көрсеттік»,-деді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Гүлайым Сейілханова.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340885
Пікірлер

Көрші сілтемелер