Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістан облысында қар құрсауында қалған көліктердегі жолаушылар құтқарылуда



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:00 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/turkistan-oblysynda-kar-kursauynda-kalgan-kolikterdegi-zholaushylar-kutkaryluda_a3744550


Түркістан облысында қар құрсауында қалған көліктердегі жолаушылар құтқарылуда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы уақытша жабылған облыстық және республикалық жолдарда көліктер қар құрсауында қалып қойған. Бұл ретте облыстық ТЖД қызметкерлері тарапынан құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында қалааралық және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады Есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушы тасымалдаған - СҚО Қызылордада қалың қар жауып, көлік қозғалысына шектеу қойылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысы мен Қызылорда облысы арасындағы Шымкент-Самара тас жолы бойында 17 ауыр жүк автокөлігіндегі 34 адам мен 86 жеңіл автокөліктегі 296 адам, оның ішінде 15 бала құтқарылды.

Бұл жұмыстарға ТЖД-нің 1 техникасы мен 7 жеке құрамы жұмылдырылған. Ал, Қызылорда облысының ПД-не қарасты ЖПП қызметкерлері 2 кіші қоғамдық жолаушы автокөлігіндегі 20 адамды қар құрсауынан құтқару жұмыстарын жүргізді.

Сол сияқты Созақ ауданының Таскөмірсай елдімекеніндегі жол бойында ТЖД «АҚЖ» (АСО) қызметкерлері 1 жеңіл автокөлік пен 4 адамға құтқару шараларын атқарған. ТЖД қызметкерлері мен Созақ және Бәйдібек ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері тарапынан Одаман бұлақ асуындағы 23 адам қар құрсауынан қауіпсіз орынға жеткізілген.

Кешкі сағат 20:05 минутта Шымкент қаласы ТЖД 1 техника (урал вахтовка) 4 жеке құраммен және Созақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2 техника (урал, погрузчик) Бәйдібек ауданында қар көшкінінде қалып қойған адамдарға құтқаруға шықты.

Осылайша, өңірде жалпы саны 107 техникамен 377 адам (оның ішінде 75 балалар) құтқарылған. Қазіргі таңда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылып, қала, аудандардағы жедел ден қою жасақтары дайындыққа келтірілген.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340875
Пікірлер

Көрші сілтемелер