Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбеде жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімін ана-аналары онлайн бақылады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:21 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/aktobede-zhas-sarbazdardyn-ant-kabyldau-rasimin-ana-analary-onlayn-bakylady_a3744546


Ақтөбеде жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімін ана-аналары онлайн бақылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 16 мыңға жуық бозбала әскери есепке қойылады Әскери қызметшілер арасында COVID-19 жұқтыру жағдайы 16% төмендеді Түркістан облысында 4 мыңнан астам жас әскерге аттанды

«Батыс» Ұлттық гвардияның 66/55 әскери бөлімінде жас сарбаздар ант қабылдады. Түркістан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының 300 сарбазы салтанатта шараға қатысты. Шара кезінде санитарлық талап сақталды. Олардың ата-аналары мен туыстары қатыстырылмады. Тек әскери бөлімдегі ант қабылдау рәсімін тікелей эфир арқылы қарауға мүмкіндік жасалды. Жас сарбаздар Отан алдындағы борышын адал атқаруға уәде етті. 66/55 әскери бөлімінің командирі Мирас Турдалин антқа адал болып, ел тыныштығы мен тұрақтылығы жолында борышын мүлтіксіз атқаруға шақырды.
«Біз үшін ант қабылдау рәсімінің маңызы зор. Ел қорғаны болар замандастарыма қажыр мен қайрат тілеймін. Әрқайсысы ел болашағы үшін антына адал болады деп есептеймін»,- деді Орал қаласынан келген жас сарбаз Эльдар Бекболатов.
Ант қабылдау рәсімінен соң жас сарбаздар ана-аналарымен онлайн байланысқа шықты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340871
Пікірлер

Көрші сілтемелер