Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:45 - 2021/01/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-bir-tunde-26-adam-kar-kursauynan-kutkaryldy_a3744407


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да тарихи-өлкетану музейінде селфи күні өтті Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім табылды Семейде 4 балаға иіс тиді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші қоңырау «Мақаншы-Үржар» тасжолында Toyota Highlander көлігі жыраға құлап кеткен жүргізушіден түсті. Оқиға орнына келген №54 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арнайы техникамен көлікті сүйреп шығарды. Осылайша, 3 адам Мақаншыға қарай қайта бет алған.

«Сондай-ақ «Мақаншы-Благодарное» тасжолында қарға батқан 2 көлікте 4 адам болған. Құтқарушылар бірден сол жерге жетіп оларды эвакуациялады. Дәл осындай жағдай Тарбағатай ауданындағы Ақжар-Шілікті тасжолында тіркелген. Қар құрсауында қалған 2 көліктегі 4 азаматты №52 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері маңайдағы қыстаққа жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ал «Омбы-Майқапшағай» тасжолында жолда қалған 6 көліктің ішінде «Газель» мен КамАЗ болған. Құтқарушылар көліктерді қардан шығарып, 15 адамды Зайсан қаласына дейін апарып тастады.

Жалпы 1 түннің ішінде қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340629
Пікірлер

Көрші сілтемелер