Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағанды облысында жыл басынан бері 107 өрт оқиғасы тіркелді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:15 - 2021/01/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/karagandy-oblysynda-zhyl-basynan-beri-107-ort-okigasy-tirkeldi_a3744402


Қарағанды облысында жыл басынан бері 107 өрт оқиғасы тіркелді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 2021 жылдың басынан бері Қарағанды облысында 107 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аязда көлігі сынып, бір шақырымдай жаяу жүрген жүргізуші құтқарылды - ШҚО Петропавлда үш аялдаманы қиратқандар шығынды өз қалталарынан өтейді Шымкентте қарлы бораннан электр желілері үзіліп, 18 елді мекен жарықсыз қалды

Өрттер кезінде 5 адам қаза тапты, 6 адам түрлі жарақат алды. Сонымен қатар, газдан 6 адам уланды.

Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторларында болған.

Тұрғын үйде өрт туындауының негізгі себептері от жағу кезіндегі салақтық, пеш және электр аспаптарын орнату, монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу болып табылады.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бағытында халықпен түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізеді.

«Жылыту кезеңінің басынан бері 50 мыңға жуық аула аралап, халықпен 400 жиын өткізілді. 152000-нан астам жадынама таратылды. 2020-2021 жылдардағы жылыту кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне 747 датчиктер орнатылып, 88 үйдің түтін мұржалары тазартылды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД өкілдері.

Мамандар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін еске салды:

- сөндірілмеген темекі мен сіріңкеге абай болыңыз;

- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын қадағалаңыз;

- бір желіге бірнеше электр құралын қоспаңыз, бұл электр желісіне шамадан тыс салмаұ түсіреді;

- қолдан жасалған электр жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз;

- тек жарамды пештерді пайдаланыңыз, түтін шығатын мұржаны тазалап отырыңыз;

- пешті қатты қыздырмаңыз.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340622
Пікірлер

Көрші сілтемелер