Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


23 қаңтар. Туған күн иелері



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 08:12 - 2021/01/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/23-kantar-tugan-kun-ieleri_a3743599


23 қаңтар. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 23 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
19 қаңтар. Туған күн иелері 19 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі 18 қаңтар. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

59 жыл бұрын (1962) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы домбыра кафедрасының доценті, күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Нариманқызы ҮЛКЕНБАЕВА дүниеге келді.

Атырау облысы Исатай ауданы Чапаев ауылында туған. Алматы қаласындағы музыка училищесін (1981, педагогі Т. Бәділов), одан кейін Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) халық аспаптары факультетін (1986, профессор А.Т. Жайымовтың жетекшілігімен) бітірген. 1989-1991 жылдары осы консерваторияның ассистентура-стажировкасынан өтті. Шығармашылық еңбек жолын оқып жүрген кезінен Қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі құрамында (1979-1989) домбырашы болумен бастаған Үлкенбаева соло-орындаушыға дейінгі үздік кәсіптік-шеберлік биігіне көтерілді. Оның репертуарында халық күйлері («Ақсақ құлан», «Ел айрылған», т.б.), қазақтың халық композиторлары (Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова, Қазанғап, Құрманғазы, Махамбет, сондай-ақ маңғыстаулық күйшілер: Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, т.б.), осы заманғы композиторлар (Н.Тілендиевтің «Аққуы», А. Жайымовтың «Күй анасы» мен «Шалқымасы») шығармалары мен шет ел классикалық туындылары бар. 1993 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында (2002 жылдан доцент) және 2006 жылдан «Айгүл Үлкенбаеваның мектеп-студиясында» (өзі ұйымдастырған) ұстаздық қызметпен айналысады.

50 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры Мариан Асарқызы ӘБІШЕВА дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия бөлімін бітірген. 1995 жылдан – Алматы теміржол көлігі инженерлері институтында философия және әлеуметтану кафедрасының ассистенті. 1995-1996 жылдары – Алматы мемлекеттік медицина институтында қоғамдық пәндер кафедрасының ассистенті. 1997-2005 жылдары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық байланыстар басқармасында І санатты маман, халықаралық байланыстар бөлімінің жетекші маманы, халықаралық ғылыми-мәдени байланыстар бөлімінің бастығы. 2005 жылғы ақпаннан – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғалым-хатшы. 2005 жылдан ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары болды. 2014-2015 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының халықаралық және ұлттық жобалар қызметінің жетекшісі болған. Қазіргі қызметінде – 2015 жылдан бері.

46 жыл бұрын (1974) Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. Мақсұт Пернебайұлы Исахов дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығының экономист-ұйымдастырушы мамандығы (1996); Д.А.Қонаев атындағы Гуманитарлық инстиутты заңгер мамандығы бойынша (1999) бітірген. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысында Ішкі істер басқармасында қызметтен бастаған (1996-2000); ОҚО кеден басқармасында маман, бас маман (2000-2005); Алматы облыстық «Достық» кеден бекетінде бас маман, бөлім бастығының орынбасары (2005-2006); бөлім басшысы (01.2006-06.2006) қызметтерін атқарды. Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» АҚ» «Жолаушылар тасымалы» АҚ компанияларында түрлі қызметтер атқарды, филиал директоры болды. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігі аппараты басшысының орынбасары, қала әкімінің орынбасары (2013-2014); ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағасының орынбасары (2014-2017); Алматы қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы (2017-2018); Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ( 2018 жылдары) қызметтерін атқарған.

47 жыл бұрын (1974) «Н. Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Алтай Ибрагимұлы ӘБИБУЛЛАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Варшава университетінің саясаттану және журналистика факультетінің халықаралық қатынастар институтын бітірген (1997).

Еңбек қызметі: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі (1997-1999); Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы (1999-2004); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі (2004-2005); Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі (2005-2007); Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі (2007-2008); Қазақстан Республикасының Хорватиядағы елшілігінің қоса атқарушы уақытша 2008-2009); Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің Кеңесші-Уәкілі (2008-2009); Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі, сондай - ақ Хорватиядағы ҚР ісіне Уақытша Сенімді өкіл (2009-2011); халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі (2011-2013); ресми өкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары (2013-2014); Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары (04.2014 – 08.2014); ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі (2015-2016); Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016-2017).

Атқаратын лауазымында – 2019 жылғы маусымнан бастап.


46 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов дүниеге келді.

Шымкент (қазіргі Түркістан) облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер (1996); «Болашақ» бағдарламасы бойынша Неміс Жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі (1999).

Еңбек қызметі: Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде ассистент (1996-1997); ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бас маманы, бөлім бастығы, кеңесшісі (1999-2001); ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (2001-2003); ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (2003-2005); ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (2005-2008); ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (01.2008 – 10.2008); ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы (2008-2012); ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы (2012-2013); ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2013-2015); Шымкент қаласының әкімі (2015-2017); «Нұр Отан» партиясының хатшысы (2017-2018); Шымкент қаласының әкімі (2018-2019).

2019 жылғы қыркүйектен бастап 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін Премьер-Министрінің кеңесшісі лауазымын атқарды.

«Құрмет» орденімен (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалімен марапатталған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340596
Пікірлер

Көрші сілтемелер