Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


23 қаңтар күнгі ауа райы болжамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 05:12 - 2021/01/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/23-kantar-kungi-aua-rayy-bolzhamy_a3744379


23 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23 қаңтар күні республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар қатты жауатыны күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Шығыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күші 30 м/с және одан жоғары көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның солтүстік өңірінде -40 градусқа дейін аяз түседі Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Қазақстанда жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болжанады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с және одан аса болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с күшпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Желдің күші 24-29 м/с артатыны күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Ақмола, Қызылорда, облысында, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-23 м/с артады.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1340583
Пікірлер

Көрші сілтемелер