Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Медсақтандыру қаражаты есебінен вакцина қабылдауға бола ма – Төраға жауабы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:54 - 2021/01/20

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/medsaktandyru-karazhaty-esebinen-vakcina-kabyldauga-bola-ma-toraga-zhauaby_a3743349


Медсақтандыру қаражаты есебінен вакцина қабылдауға бола ма – Төраға жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов медициналық сақтандыру қажаты есебінен вакцина қабылдауға болатын-болмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылы тұрғындардың 720 мың өтініші қаралды – Болат Төкежанов Коронавируспен күреске МӘМС жүйесінен 187 млрд-тан астам теңге бөлінген

«Бізге сақтандыру қоры есебінен вакцина қабылдауға болатын-болмайтыны туралы сұрақтар келіп түседі. Бірден айтып өтейін, вакцина егуді қамтамасыз ету бұл қордың құзіретіне кірмейді. Бұл мәселемен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айналысады, онда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де қарастырылған. Жақында министр вакцина егу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Осыған қатысты барлық ақпаратты сол министрліктен ала аласыздар», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Еске сала кетсек, ол осы брифингте Медициналық сақтандыру қоры пандемия кезінде міндетін толық орындағанын айтқан болатын.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1338986
Пікірлер

Көрші сілтемелер