Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар қауіпті – маман пікірі



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:12 - 2021/01/20

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/covid-19-dyn-simptomsyz-turine-shaldykkandar-kauipti-maman-pikiri_a3743327


COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар қауіпті – маман пікірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар коронавируспен ауырғандардан әлде қайда қауіпті. Мұндай пікірді медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Медициналық сақтандыру қоры пандемия кезінде міндетін толық орындады - Басқарма төрағасы Германия қатаң карантин режимін 14 ақпанға дейін созбақ Қызылордада соңғы тәулікте төрт оқушы коронавирус жұқтырды

«Қазақстанда және көрші елдерде ахуалдың тұрақталғаны байқалады. Алайда, бұл ешқандай проблема жоқ дегенді білдірмейді. Бұған карантин шараларының арқасында қол жеткізіліп отыр. Дегенмен, карантин шараларын сәл ғана босаңдатса, бірден ушығып кетеді. Сондықтан босаңсуға болмайды. Коронавирусқа қатысты айта кетер тағы бір жайт, адамдардың 70 пайызы оның симптомсыз түрін бастан кешіреді. Осыған байланысты көпшілік симптомсыз өткені жақсы деп ойлайды. Жақсы ештеңесі жоқ. Бұл адамдар өзгелерге жұқтырады. Олардың өздері ауырмағанымен коронавирусқа шалдыққандарға қарағанда әлде қайда қауіпті», - деді С.Әміреев.

Оның түсіндіруінше, коронавирустың симптомды түрімен ауырған адамдар оқшауланып, емделеді. Ал вирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар тест тапсырмастан емін-еркін жүре береді. Сол арқылы ол айласындағы дені сау адамдарға вирус жұқтырады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1338954
Пікірлер

Көрші сілтемелер