Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шоқыну мейрамы: 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:48 - 2021/01/19

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shokynu-meyramy-1500-den-astam-akmolalyk-suga-shomyldy_a3742770


Шоқыну мейрамы: 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Шоқыну мейрамы кезінде 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді Көкшетауда жоғалған көпбалалы әйел табылды Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған мүмкіндігі шектеулі ер адам іздестірілуде

Олардың қауіпсіздігін Ақмола облысында Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдардың 100-ден астам қызметкері, дәрігерлер шомылдыру рәсімінен өту кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында шоқыну түнінде суға шомылуға арналған 14 орын жабдықталған. Олар Степногор қаласында, Астрахан, Ақкөл, Бұланды, Жақсы, Шортанды, Егіндікөл аудандарында. Облыстың басқа аудандарында, Көкшетау қаласында эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне байланысты шомылуға арналған орындар қарастырылмаған. Барлық шомылу орындарында құтқарушылар, дәрігерлер, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері кезекшілік етеді. Жылыту пункттері қарастырылған. 19 қаңтар күні таңертең 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды.

«Төтенше жағдайлар департаменті Ақмола облысының тұрғындарын суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Бірінші кезекте, қандай да бір ауруы бар барлық азаматтарға өз емдеуші дәрігерінен кеңес алу қажет. Ойықта қабыну және жүрек-қан тамырлары аурулары және орталық жүйке жүйесі аурулары бар адамдарға шомылуға болмайды. Шомылғаннан кейін гипотермияны болдырмас үшін өзіңізбен бірге үлкен сүлгі болуы керек. Сізге ыңғайлы құрғақ ауыстырылатын киім керек, оны тез киюге болады және термоспен ыстық шай алып жүру керек ұсынылады», - деді ведомстводан.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1337997
Пікірлер

Көрші сілтемелер