Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда коронавирустың тарау көрсеткіші 0,3% жетті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:15 - 2021/01/19

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almatyda-koronavirustyn-tarau-korsetkishi-0-3-zhetti_a3742747


Алматыда коронавирустың тарау көрсеткіші 0,3% жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус инфекциясының күнделікті өсуі 0,3%-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар вирусты қайдан жұқтырып жатыр Алматыға шетелден келген 31 азамат еліне қайтарылды Коронавирус өңірлерде өршіп тұр: Әкімдер ахуалды қалай тұрақтандырмақ

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, осы уақытқа дейін Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 20 523 жағдайы тіркелген. Оның 12 843-і симптомды және 7680-і симптомсыз.

«Биыл 18 қаңтарда КВИ – дің 79 жағдайы тіркелді, оның ішінде 59 жағдай симптомды, 20 жағдай симптомсыз. Алматыда коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 18 484-ке жетті. Жалпы, инфекцияның күнделікті өсуі 0,3% құрайды. Вирустың репродуктивтік көрсеткіші Алматы қаласы бойынша 0,991 (республика бойынша-1,1)», - деді әкімдіктен.

Алматы әкімдігі Алматы тұрғындары мен қонақтарын эпидемияға қарсы талаптарды: әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтауды күшейтуге, сондай-ақ мүмкіндігінше жабық мекемелерге барудан және ұзақ уақыт болудан бас тартуға шақырды.

«COVID-19 науқастарымен және жұмыс орны бойынша байланыста болған адамдар үйде қалып, тегін негізде тексеру үшін телефон арқылы емханаға хабарласуы керек. ЖРВИ белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйге шақырып, зейнеткерлерге мүмкіндігінше шұғыл қажеттілік туындамаса үйден шықпау қажет», - деді әкімдіктен.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1337978
Пікірлер

Көрші сілтемелер