Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматылықтар вирусты қайдан жұқтырып жатыр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:48 - 2021/01/19

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almatylyktar-virusty-kaydan-zhuktyryp-zhatyr_a3742744


Алматылықтар вирусты қайдан жұқтырып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар коронавирус инфекциясын қоғамдық орындардан жұқтырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыға шетелден келген 31 азамат еліне қайтарылды Коронавирус өңірлерде өршіп тұр: Әкімдер ахуалды қалай тұрақтандырмақ Әскери қызметшілер арасында COVID-19 жұқтыру жағдайы 16% төмендеді

Қаңтар айының соңғы 2 аптасында жұқтыру орындары белгілі болды.

«Жүргізілген талдауға сәйкес, адамдар вирусты қоғамдық орындардан (40.1%), отбасында КВИ–мен ауыратын науқаспен байланыстан (27.4%), қалалық көліктен (22.8%), жұмыста КВИ–мен ауыратын науқаспен байланыстан (5.6%), шет елдерден және ҚР өңірлерінен (2.6%) жұқтырып жатыр. Көбінесе 20 - 39 жас – 34,7%, 40 - 59 жас – 28,7%, 60 жастан жоғары адамдар саны 21,3% болып отыр», - деді әкімдіктен.

Қаланың инфекциялық стационарларында (1866 төсек) 763 пациент бар, оның ішінде 16-сы аса ауыр жағдайда, 141 науқастың жағдайы ауыр, 604 адамның жағдайы орташа ауыр, 2 - жеңіл.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, екінші толқынға дайындық аясында қала бойынша 7011 орындық 23 ковидті стационар (оның ішінде 250 реанимациялық) дайындалды. Емханалардағы медициналық жабдықтар жаңарды. Екі жаңа емхананың құрылысы аяқталды. Олар 500 төсек-орынға арналған инфекциялық госпиталь, 300 төсек-орынға арналған модульдік стационар. Осылайша, соңғы үш айда инфекциялық төсек саны екі есеге артты.

Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы күшейтілді. 73 емханада 298 мобильді бригада жұмыс істейді. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен дайындығына ерекше назар аударылды. Жеке қорғаныш құралдарының қоры құрылды. Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінен басқа 2450 маманнан тұратын кадрлық резерв дайындалды.

Тәулігіне 14600 зерттеу жүргізетін 23 ПТР зертхана жұмыс істейді, болашақта 22 700 зерттеуге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Пандемия басталғаннан бері Алматы аумағында орналасқан зертханаларда барлығы 826 мың ПТР зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, тәулігіне 3 056 зерттеу өткізу қуаты бар 12 ИФТ зертхана жұмыс істейді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1337961
Пікірлер

Көрші сілтемелер