Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстандық тағы үш боксшы Сербиядағы турнирде финалға шықты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:30 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-tagy-ush-boksshy-serbiyadagy-turnirde-finalga-shykty_a3741225


Қазақстандық тағы үш боксшы Сербиядағы турнирде финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы халықаралық «Ұлттар кубогі» додасында тағы үш қазақстандық былғары қолғап шебері финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: «Жетісу» клубының бас бапкері тағайындалды Қазақстан боксшылар құрамасы Кубаға аттанып кетті Қазақстандық үш боксшы қыз Сербиядағы турнирдің финалына шықты

Турнирде 60 келіде сынға түсіп жатқан Римма Волосенко түркиялық қарсыласынан айласын асырды. Ал 81 келіде шаршы алаңға шыққан Ләззат Күнгейбаеваға чехиялық спортшы қарсы тұра алған жоқ. Жеребе нәтижесімен Гүлсая Ержан 81 келіде бірден ақтық сынға жолдама алды.

Қазақстан құрамасы сапынан Валентина Хальзова түркиялық боксшыға жол беріп қойды. Ол турнирде осылайша қола жүлдені қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Арайлым Марат (48 келі), Дина Жоламан (54 келі) және Владислава Кухта (57 келі) финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.

Халықаралық турнирде қазақстандық тоғыз боксшы аттанған болатын.

Аталмыш турнирде бұған дейін қазақстандық боксшылар 2012, 2015, 2016, 2018 жылдарда командалық есепте жеңімпаз атанды. Үш мәрте мұндай мәртебеге ресейліктер ие болды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335746
Пікірлер

Көрші сілтемелер