Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Хоккей: «Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:03 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/hokkey-barys-salavat-yulaevka-ese-zhiberdi_a3741218


Хоккей: «Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін, 14 қаңтарда елордада «Салават Юлаев» (Қазан) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан боксшылар құрамасы Кубаға аттанып кетті Қазақстандық үш боксшы қыз Сербиядағы турнирдің финалына шықты Бородулиха ауданында мұз айдыны ашылды – ШҚО

Командалар турнирдің плей-офф кезеңіне шығу мақсатында бар күшін салып келеді. Айта кетейік, «Барыс» соңғы 10 кездесудің 7-де басымдық танытты. Ал «Салават Юлаев» соңғы 10 ойында небәрі 3 рет қана жеңілді. Елордалық клуб 49 ұпаймен 16 орында тұрса, «Салават Юлаев» 58 ұпаймен 7 орынға жайғасқан.

Бүгінгі кездесуде ресейлік клуб сапынан Филип Ларсен 13-минутта есеп ашты. Одан кейін «Барыс» хоккейшілері Кирилл Панюков 22, Якоб Лилья 28, Никита Михайлис 29-минуттарда мергендігімен көзге түсті. «Салават Юлаев» ойыншылары Сакари Маннинен 32, Джефф Плэтт 37, Александр Алексеев 41-минуттарда гол соғып кетті. Ал Маркус Гранлунд 47-минутта «Салават Юлаевтың» басымдығын арттыра түсті. Қорытынды есепті 58-минутта реесйлік хоккейші Пётр Хохряков белгіледі. Ойында «Барыс» қарсыласынан 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» елордада 17 қаңтарда Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасын қабылдайды.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын «Ак Барстан» жеңіліп қалды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335737
Пікірлер

Көрші сілтемелер