Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:30 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/biyl-turkistan-oblysynyn-tole-bi-audanyndagy-21-eldi-mekende-zholdar-zhondeledi_a3741152


Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Биыл Түркістан облысының Төлеби ауданындағы 21 елді мекеннің 28 көшесінде ұзақтығы 42 шақырым болатын жол жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысы коронавирустың екінші толқынына дайын «Ауыл – Ел бесігі»: Биыл Қарағанды облысындағы 11 ауылда 19 жоба жүзеге асырылады Ауа райы: Қостанай облысында республикалық жолдар уақытша жабылды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталмыш құрылыс жұмыстары «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасына жопарланған. Жол құрылысына ауданның бюджеті есебінен 642 млн. 163 мың теңге қаралған.

Сондай-ақ, аудан бойынша 5 ауылдық округтің 14,4 шақырымды құрайтын 14 көшесіне тас төсеуге 34,7 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында Бірінші Мамыр және Абай елді мекендерінде 17 жобаны 345 млн. теңгеге қаржыландыруға ұсынылды. Ал, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 514 млн. теңгеге 9 жоба қаржыландырылмақ.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335725
Пікірлер

Көрші сілтемелер