Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қауіпсіз жол: Ақтөбе облысында бір тәулікте жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kauipsiz-zhol-aktobe-oblysynda-bir-taulikte-zhol-erezhesin-buzudyn-512-faktisi-anyktaldy_a3741191


Қауіпсіз жол: Ақтөбе облысында бір тәулікте жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында бір тәулікте жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы метросының қай бағытта дамитыны айтылды Алтай Көлгінов елордадағы заңсыз көлік тұрақтарына қатысты түсініктеме берді Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде 500-ден астам автокөлік эвакуацияланды

Баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, Ақтөбе облысының аумағында жолда жүру тәртібін бұзушыларды анықтауға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Іс-шара 13-16 қаңтар аралығында өтеді. Алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде облыста жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталған.

«Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін 70 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, мас күйінде көлік басқарудың 8 фактісі, жолдың қарсы бетіне шығып кетудің 5 фактісі анықталып, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 20 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 82 жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылып, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетудің 9 фактісі анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауды, мүмкіндігінше алыс жолға шығуды шектеуді, ауа райының өзгеруі туралы ескертулерді қадағалауға шақырады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335718
Пікірлер

Көрші сілтемелер