Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Петропавлда жыл басталғалы 68 қаңғыбас панажайға орналастырылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 04:27 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/petropavlda-zhyl-bastalgaly-68-kangybas-panazhayga-ornalastyryldy_a3740743


Петропавлда жыл басталғалы 68 қаңғыбас панажайға орналастырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қаңтар айынан бері 68 қаңғыбас қабылдап-тарату орнына жеткізіліп, қатты аяздарда олардың үсіп кетуіне жол берілмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада мүгедек баланың анасын автобусқа отырғызбай қойған жүргізуші жұмыстан кетті Қостанай облысының Нұр-Сұлтанға шығар жолы ақылы болады Мәжіліс толық жаңарды – саясаттанушы Қазбек Майгельдинов

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аяздың күшеюіне байланысты полицейлер тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға бағытталған рейдтерді күшейткен. Үйсіздер қабылдап-тарату орнына жеткізіліп, барлық базалар бойынша тексеріледі, ал кешке түнеу орнына жөнелтіледі.

Полицейлердің айтуынша, қаңғыбастар негізінен вокзал маңы мен қала орталығын жағалайды. Кәріз құдықтары мен жылу трассаларында топ-топпен бас сауғалап, саршұнақ аяздан қорғанады. Полицияның рейдтік тобы оларды анықтап, үсіп кетуден қорғап қана қоймай, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алады.

«Рейдтік топ күн сайын сағат 16.00-ден түн жарымға дейін жұмыс істейді. Мақсаты – тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмек көрсету, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы қабылдап-тарату орнының бастығы Адай Смайыл.

Жыл басынан қабылдап-тарату орнына тұрғылықты жері жоқ 68 адам жеткізілді, олардың 4-уі судьяның санкциясы бойынша орналастырылды. Былтыр полицейлер үйсіздерді қабылдап-тарату орнына 2656 рет қаңғыбас жеткізген. Олардың 8-і бұрын іздеуде болған, 2-і із-түссіз жоғалған адам.

Полицейлер үйсіздерге қатысты барлық шақыртуларға барады және оларды бөлімшеге жеткізеді. Тұрғылықты жері жоқ тұлғалар туралы қабылдап-тарату орнына 52-92-99 телефоны бойынша немесе «102» арнасы арқылы хабарлауға болады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335124
Пікірлер

Көрші сілтемелер