Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түлкібас ауданында тұрмысы төмен 3800 отбасының балалары оқу жабдықтарымен қамтылған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:42 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/tulkibas-audanynda-turmysy-tomen-3800-otbasynyn-balalary-oku-zhabdyktarymen-kamtylgan_a3740725


Түлкібас ауданында тұрмысы төмен 3800 отбасының балалары оқу жабдықтарымен қамтылған

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түлкібас ауданындағы 60 білім ошағында 23 256 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда 24 жалпы орта білім беретін мектепте 2 239 (9,6%) оқушы штаттық режимде оқытылуда. Ал, 1-4, 5, 9, 11-сынып оқушыларының ата-аналар өтініштері негізінде 849 кезекші топта 9 559 (41,1%) оқушы білім алуда. Ауданда үш аусымда оқытылатын мектеп жоқ, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Теміртаудағы екі мектепке Әлихан Бөкейхан мен Бауыржан Момышұлының есімдері берілді Колледж студенттері өз қолымен дайындаған өнімін сатып, табыс таба алады Мектеп бітіруші сыныптардағы оқу пәндерінің 70%-ы дәстүрлі форматта оқытылады

Карантин режиміне байланысты қашықтан оқып жатқан мектеп оқушыларына ҚР Үкіметі резервінің қаражатынан 354 планшет, 410 компьютер, 3033 ноутбук құрылғылары сатып алынып, уақытша пайдалануға берілді. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен 5 смартфон, 50 планшет құрылғысы тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балаларына қайтарымсыз сыйға берілген.

Жалпыға міндетті білім қорының есебінен 1638 кәмелетке толмаған аз қамтамасыз етілген отбасы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, 2647 аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына 25 000 теңгеден қаржылай көмек берілген.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335114
Пікірлер

Көрші сілтемелер