Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Биыл Қостанай облысында тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 10% артады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:03 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/biyl-kostanay-oblysynda-turgyn-uydi-iske-kosu-korsetkishi-10-artady_a3740812


Биыл Қостанай облысында тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 10% артады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында тұрғын үй саясатын іске асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылы Қазақстанда 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды ШҚО-да көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін 1,1 мың баспана салынады ШҚО-ның Абай ауданында 32 пәтер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға берілді

Бұл жайында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында ресми мәлімет таратты.

«Бүгін Қостанай облысында тұрғын үй саясатын іске асыру барысы туралы кеңес өткіздім. 2021 жылы тұрғын үйді іске қосу көрсеткішін 10% арттыру міндеті тұр, бұл дегеніміз - 417,2 мың шаршы метр. Облыстың тұрғын үй саясатын іске асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді» деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Оның айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 93,5 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде көпқабатты тұрғын үй – 64,7 мың шаршы метр.

Кеңес барысында Қостанай, Рудный қалаларының және Қостанай ауданының әкімдері биылға арналған тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарын баяндады.

«Жиын қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысының қарқынын төмендетпеуді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ барлық жоспарланған нысандарды сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырдым» дейді әкім.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335087
Пікірлер

Көрші сілтемелер