Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістанда бір шақырымға созылатын «Керуен-сарай» салынады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:12 - 2020/12/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/turkistanda-bir-shakyrymga-sozylatyn-keruen-saray-salynady_a3725180


Түркістанда бір шақырымға созылатын «Керуен-сарай» салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда ұзындығы бір шақырымға жететін «Керуен-сарай» салынады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістаннан Ташкентке темір жол салынады – Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы: Абылай ханның арманын орындап жатырмыз Ел астанасы Түркістанға көшуі мүмкін бе – Назарбаевтың жауабы

«Қазірдің өзінде Түркістанда бес жұлдызды екі қонақүй (Hilton, Rixos) салынды. Ұзындығы бір шақырым болатын «Керуен-сарай» ашылады, оның ішінде қонақүйлер, сауда-саттық орындары, басқа да мәдени нысандар болады. Сол кезде Түркістан баяғыдай туризм мен халық келетін орталық болады», - деді Н. Назарбаев.

Елбасы атап өткен «Керуен сарай» көпфункциялы туристік кешені түркі әлемін ғана емес, әлем назарын аударатын жобаға айналмақ. Жоба алдағы көктемде пайдалануға берілуі тиіс.

Қазақстан, Еуропа және Орталық Азия мәдениетін үштастыратын жоба көне шаһар үлгісі негізінде салынған, және онда заманауи қонақүйлер, Шығыс базары, мейрамханалар және жасанды көл пайда болады.

Айта кетейік, «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі Н.Назарбаевтың «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде әзірленді. Деректі туынды «Qazaqstan» телернасынан бүгін 20:00-де эфирге шықты.

Бұған дейін Н. Назарбаев «Ел астанасының Түркістанға көшуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берген еді.

Сонымен бірге, Түркістаннан Ташкенте темір жол салынып, Самарқан, Бұқара, Ташкент, Шымкент, Түркістан қалаларынан үлкен шеңбер жасалмақ.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1312069
Пікірлер

Көрші сілтемелер