Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұрсұлтан Назарбаев: Жаңа заман келді – бәріміз өзгеруіміз керек



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:06 - 2020/12/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/nursultan-nazarbaev-zhana-zaman-keldi-barimiz-ozgeruimiz-kerek_a3725178


Нұрсұлтан Назарбаев: Жаңа заман келді – бәріміз өзгеруіміз керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының маңыздылығын ерекше атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы: Абылай ханның арманын орындап жатырмыз Ел астанасы Түркістанға көшуі мүмкін бе – Назарбаевтың жауабы Нұрсұлтан Назарбаев:  Түркістанды тарихымызды паш ететін орталық ретінде қалдыруымыз керек

««Рухани жаңғыру» деген... Біз басқа өмірге келдік. Бұрынғы өмірде коммунистік идеямен жүрдік. Біздің үлкендеріміз, менің буыным сол идеямен жүрді. Енді өзгеруіміз керек. Жаңа заман келді. Экономика өзгерді. Түсінік өзгерді. Жастар қазір басқаша. Біздей емес. Он бестегі балалардың білімі бізден көп. Себебі олар интернетте отырып, дүниенің барлығын көреді, біледі. Сондықтан «Рухани жаңғыру» деген тек осы заманға бейімделу ғана емес, осы арқылы өсіп, өркендеу мәселесі. Сондықтан ол өте керекті, үлкен мағынасы бар, әлі талай жұмыс жүргізетін мәселе», - деді Елбасы «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, осы бағдарламамен Түркістанның салынуы үндеседі.

«Ұлы даланың жеті қырына байланысты қандай тарихты басып өткенімізді айтып отырмын ғой. Сол тарихты елдің бәрі біле бермейді. Сол тарихты сіңіру үшін еліміздің оңтүстігінде, осы жерден мың шақырым жерде «осында тоңған қазақтар сол жерге барып жылынып қайтып келсін» деп салынып жатыр. Түркістанның салынуын – сол бағдарламаның орындалуының бір саласы деп есептеу керек», - деді Елбасы.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1312067
Пікірлер

Көрші сілтемелер