Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмола облысындағы ауылдың тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:54 - 2020/12/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysyndagy-auyldyn-turgyndary-sapaly-auyzsuga-kol-zhetkizdi_a3725168


Ақмола облысындағы ауылдың тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Ерейментау ауданының Бестоғай ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде су құбыры салынып, ауыл тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сайрамда елді мекендер толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған Ақмола облысының 70 жастағы тұрғыны ұлын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді Ақмолалық оқушы мен оның бауыры әлемнің үздік балаларының тізіміне енді

Жөндеу жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған. Оны мердігер «ПСК Кокшетау Строй» ЖШС қолға алып, мерзімінде аяқтады.

Ерейментау ауданы әкімдігінің мәліметінше, жоба бойынша 9,3 шақырым су құбыры желісі тартылды. Су және кәріз құбырлары, су сорғыш станция, екі су жинайтын ұңғыма орнатылды. Сонымен бірге, станция мен резервуар аумағы қоршалып, аумағына ағаш отырғызылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде нысанға 38 адам аудандық еңбекпен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты.

«Бүгінгі таңда сумен жабдықтау жүйесін жаңарту жұмыстары толық аяқталып, тұрғын үйлерге сапалы ауызсу тартылды. Еңбек ардагерлері мен зейнеткерлердің үйлеріне су құбырын мердігерлер өз есебінен жеткізді», - дейді аудан әкімі Абай Әлжанов.

Осы ретте, жергілкті тұрғындар көптен күткен ауыз суға қолжеткізген мердігер ұйымға алғыстарын айтуда.

«Сонау 90-шы жылдардан бастап суды Байсары ауылынан тасымалдап ішіп келдік. Енді ауызсу мәселесі шешілді. Осы игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысымыз шексіз», - деді ауыл тұрғыны Байтеміров.

Айта кетсек, ағымдағы жылы облыста сумен жабдықтау жүйесін салу және жөндеу бойынша 54 елдімекенде 62 жоба жүзеге асырылуда.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1312061
Пікірлер

Көрші сілтемелер