Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, медицина мамандары және өрт сөндірушілер пәтер кілтін алды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:30 - 2020/12/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/nur-sultanda-mugalimder-medicina-mamandary-zhane-ort-sondirushiler-pater-kiltin-aldy_a3725169


Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, медицина мамандары және өрт сөндірушілер пәтер кілтін алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мұғалімдер, медицина қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері баспана алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тұңғыш Президент күні: Алматы облысының Қаратал ауданында 50 отбасы баспаналы болды Елордада лингвистерді даярлау мәселесі талқыланды Шардарада «Тұңғыш президент күні» қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Тұңғыш Президент күні қала тұрғындарының тағы бір бөлігі пәтерлерінде қоныс тойын тойлайды. Бүгін мұғалімдер, медицина қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, әлеуметтік сала қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері баспана алды. Аталған пәтерлерді Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп, жылдар бойы кезекте пәтер күткен тұрғандарға бердік. Бұл бағдарлама аясында 1 мыңға жуық пәтер беру жоспарланып отыр. 350-ден астамы берілді, бүгін өз пәтерлеріне 100-ден астам отбасы кірді», - деп жазды әкім әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Қазақстан ипотекалық компаниясы әлеуметтік пәтер алушылар санатын едәуір кеңейтті, тізімге медицина қызметкерлері мен мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, төтенше жағдайлар департаментінің, полиция, мәдениет және спорт қайраткерлері кірді. Олардың көпшілігі коронавируспен күресте алдыңғы шепте, адам өмірін сақтап, балаларымызды оқытып, қалада қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Бұл тұрғын үй бағдарламасы басқалардан ерекше. Оған бастапқы жарна қажет емес, пәтерді сатып алуға болады, жалдау ақысы бір шаршы метр үшін 1455 тг құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды. Алдағы уақытта бірнеше үйдің кілті табысталады. Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Мемлекет тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасайды. Бақыт, денсаулық және амандық тілеймін!», - деп жазды А. Көлгінов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1312055
Пікірлер

Көрші сілтемелер