Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сайрам ауданында ауыл әкімдігінің кеңсесі «Адалдық алаңына» айналды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:03 - 2020/11/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sayram-audanynda-auyl-akimdiginin-kensesi-adaldyk-alanyna-aynaldy_a3721638


ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылының әкімі жұмыс кабинетін ақсақалдар кеңесіне тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның барлық аудандарында сервистік әкімдік ашылады - агенттік Түркістанды абаттандыру жұмыстарына аудандар да атсалысуда Түркістан облысында 16 заңсыз ойын ұйымдастырылатын орын анықталды

Өзі ғимараттың бірінші қабатындағы азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдайтын мамандармен бірге бір кабинетке жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүйелі түрде жолға қойған ауыл әкімі М.Нажиевтің айтуынша, тұрғындармен байланысудың бұл әдісі – «Адалдық алаңы» ретінде жемқорлықтың орын алуына жол бермейді. Тұғындар мұнда ҚР Электронды үкімет қызметін пайдалана алады. Арыз-шағым мен ұсыныс-тілектерді сондағы мамандар қарайды. Әрі ауыл әкімі қоластындағы қызметкерлердің халықпен етене жақын араласып, тәжірибе алмасуына тиімді болмақ. Бұл үрдісті Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков басқа ауыл округтеріне азаматтық қоғамды дамытудың үлгісі ретінде атап өтті.

«Әр ауыл округінің әкімі Қарамұрттағы әдіспен жұмыс істеп, ел ішіндегі өзекті мәселердің шешімін табуға жұмылуы қажет. Ауыл әкімдері қызметкерлерінің ортасында жүріп, кез келген ауыл тұрғыны еркін сөйлесе алатындай жағдай жасаса, нағыз «Ашық әкімдікке» айналады», - деді аудан басшысы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306821
Пікірлер

Көрші сілтемелер