Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қытай денсаулық кодын өзара мойындаудың халықаралық механизмін жасауды ұсынды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:15 - 2020/11/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kytay-densaulyk-kodyn-ozara-moyyndaudyn-halykaralyk-mehanizmin-zhasaudy-usyndy_a3721633


Қытай денсаулық кодын өзара мойындаудың халықаралық механизмін жасауды ұсынды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай ПЦР-талдау мен жалпы мойындалған QR-кодты қолдану стандартына негізделген денсаулық кодын өзара мойындаудың халықаралық механизмін құруды ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар
Еуропадағы коронавирус: Сарапшылар неге алаңдап отыр Оралда түнгі клубта демалғандар әжетханаға тығылды Қытай билігі Ресеймен шекаралас қалада локдаун енгізді

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бейнеконференция форматында өтіп жатқан Жиырмалық тобының (G20) саммитінде осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қытай тарапы денсаулық кодын өзара мойындаудың халықаралық тетігін жасауды ұсынды. Бұл механизм ПЦР-талдау мен жалпы мойындалған QR-кодты қолдану стандартына негізделеді»,-деді Си Цзиньпин.

Бұл ретте ҚХР төрағасы аталған мехнизмге мүмкіндігінше әлемнің көптеген өңірлері мен елдері қосылатынына сенім білдірді.

«Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу мен дайындау, өндіру мен тарату бағытында өзге мемлекеттермен ынтымақтасуға дайын»,-деді ол.

Айта кетейік, қазан айында Қытай Вакцинация мен иммунизация жөніндегі жаһандық альянспен (GAVI) келісім жасап, COVID-19 вакцинасының жалпыға теңдей таратылуын қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық COVAX бастамасына қосылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306807
Пікірлер

Көрші сілтемелер