Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістан облысында үш күнде 21 мас жүргізуші ұсталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:42 - 2020/11/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/turkistan-oblysynda-ush-kunde-21-mas-zhurgizushi-ustaldy_a3721628


Түркістан облысында үш күнде 21 мас жүргізуші ұсталды

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысында рульге мас халде отырған 21 жүргізуші ұсталды.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада рұқсат етілмеген жерден өткен 200-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды Ақмола облысында қараусыз малдың кесірінен 40 көлік апаты болған ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді

Өңірдің тәртіп сақшылары үш күн бойы жүргізілген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылап, 3715 жол қозғалысы ережесін бұзу жайтын тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған шараға патрульдік полицияның 500-ден астам қызметкері мен учаскелік инспекторы, басқа да мүдделі органдардың өкілдері қатысты. Полицейлер көлік құралын мас күйде басқару, жылдамдықты шектен тыс арттыру, маневр жасау ережесін бұзу, қарсы бағытпен өту, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде тәртіп сақтамау, техникалық тексруден уақытында өту сияқты және басқа да құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударды.

Рейд барысында жол ережесін өрескел бұзған 122 қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды. Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктері айып тұрағына қойылды. Жылдамдықты шектен тыс асырған 92 жүргізуші мен жолдың қарсы бетіне шыққан 18 тұрғынға хаттама толтырылды. Бұдан өзге, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін - 80, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін - 52, авариялық жағдай жасағаны үшін-17 және теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзғаны үшін 10 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған. 628 адам жол қозғалысы ережесін бұзып қауіпсіздік белдігін тақпағаны, 235 адам көлік басқару кезінде ұялы телефондарын пайдаланғаны үшін айыппұл төлейтін болды.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ 366 жүргізуші және жаяу жүргіншілерді өткізбей қойған 71 жүргізушіге тиісті шара қолданылды.

Рейд барысында тәртіп сақшылары автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 27 жағдайын, жалған нөмір тағып жүрудің 2 фактісін, қоғамдық көлік жүргізушілерінің медициналық тексеруден өтпей рейске шығуының 7 фактісін және техникалық байқаудан өтпеген 138 адады анықтады.

Белгіленбеген жерде жолды кесіп өткені үшін 671 жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылды.

Полицейлер айыптұрағына барлығы 141 көлік құралын қойып, жол ережесін бұзғаны үшін 15 мемлекеттік нөмірді алды. Шара соңында жол қозғалысы ережелерін міндетті түрде сақтау туралы 1000-ға тарта жадынамалар мен парақшалар таратылды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306802
Пікірлер

Көрші сілтемелер