Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Австралияда акула шабуылдаған ер адам мерт болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:18 - 2020/11/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/avstraliyada-akula-shabuyldagan-er-adam-mert-boldy_a3721619


Австралияда акула шабуылдаған ер адам мерт болды

ЛИОН. ҚазАқпарат – Австралияның солтүстік-батыс бөлігіндегі Брум қаласына жақын маңдағы жағалауда акула шабуылдаған ер адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қытай билігі Ресеймен шекаралас қалада локдаун енгізді Қарағандыда жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті БҚО-да тұрғын үйдегі өрт орнынан әйел адамның денесі табылды

Жыртқыш қаланың бас жағажайларының бірінде суда жүзіп жүрген азаматты бас алған. Акула оның қолын жұлып алған, сондай-ақ ер адам аяғынан ауыр жарақат алды. Оқиғаның куәгерлері зардап шеккен азаматты жағаға шығарып, жедел жәрдем шақыртқан. Алайда ер адам жедел әрдем келгенше жантәсілім етті. Жағадай қазір жабық, онда күзет қойылған.

«Бұл жантүршегерлік жағдай. Оқиға оған куә болған адамдардың жүйкесіне әсер етері сөзсіз. Олар біздің де ойымызден кетер емес»,-деді Батыс Австралия штатының премьер-министрі Марк Макгоуэн.

Бұл құрлықта ең қауіпті саналатын Австралияның батыс жағалауында соңғы 1,5 айда болып отырған екінші жағдай. Биыл акулалардың осындай шабуылдарының салдарынан 8 адам қайтыс болған.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306783
Пікірлер

Көрші сілтемелер