Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазгидромет: Қарашаның 22-сі күнгі ауа райы болжамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 06:03 - 2020/11/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazgidromet-karashanyn-22-si-kungi-aua-rayy-bolzhamy_a3721481


Қазгидромет: Қарашаның 22-сі күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 22-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау мен Маңғыстау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды ШҚО мектептерінде ауа райына байланысты сабақ тоқтатылды Ақмола мен Түркістан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, ҚР басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті солтүстікте және батыста күн жауын-шашынсыз болады.

Оңтүстікте және шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен кей жерлерде қар оңтүстік-батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстігінде – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысында – көктайғақ болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Маңғыстау облысында түнде – көктайғақ, Атырау облысында – тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуы ықтимал.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306580
Пікірлер

Көрші сілтемелер