Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Петропавлда биыл тәрбиесі қиын 69 жасөспірім тіркеуге алынды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 05:03 - 2020/11/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/petropavlda-biyl-tarbiesi-kiyn-69-zhasospirim-tirkeuge-alyndy_a3721482


Петропавлда биыл тәрбиесі қиын 69 жасөспірім тіркеуге алынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлердің бастамасымен «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты екі апталық ақпараттық науқан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 23 жастағы жігіт күйіктен қаза болды Азаматтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-бот іске қосылғандығы туралы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі СҚО-да әлеуметтік желі арқылы діни материалдар таратқан тұрғын жазаланды

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты акцияның мақсаты отбасындағы қолайсыз атмосфера, мектептегі буллинг сияқты проблемаларға қоғамның назарын аударту. Петропавл қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері Zoom, онлайн бейнеконференциялар алаңы арқылы 38 дәріс пен әңгімелер ұйымдастырды. Полицейлер мектеп оқушыларына өз құқықтары мен міндеттері туралы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің кез-келген түріне төзбеушілік туралы түсінікті тілде жеткізді. Сондай-ақ егер бала тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса немесе куәсі болса міндетті түрде хабарлауға шақырды.

Әлеуметтік педагогтар, психологтар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның және тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдардың өкілдері полицияның есебінде тұрған 52 заңды өкілді, сондай-ақ тәуекел тобындағы 18 жасөспірімді тексерді.


Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, жыл басынан бері ювеналдық полицейлер 100-ден астам рейд жүргізіп, нәтижесінде 722 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. Көшелер мен ойын-сауық мекемелерін тексеру барысында 431 жасөспірім полицияға жеткізілді. Тәртібі қиын 69 жасөспірім анықталып, тіркеуге алынды.

Жалпы, қалалық Полиция басқармасының ювеналдық полициясында бүгінде 104 қолайсыз отбасы тіркеуде тұр.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306574
Пікірлер

Көрші сілтемелер