Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстандық қоғамның өзгерістерге дайындық индексі өте жоғары – Мемлекеттік хатшы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:42 - 2020/10/29

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-kogamnyn-ozgeristerge-dayyndyk-indeksi-ote-zhogary-memlekettik-hatshy_a3712488


Қазақстандық қоғамның өзгерістерге дайындық индексі өте жоғары – Мемлекеттік хатшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық қоғамның өзгерістерге дайындық индексі бүгінде өте жоғары. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның онлайн режимде өткен отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Айта кетсек бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы онлайн форматта өткізілген болатын. Отырыста бағдарламаны 2020 жылы іске асыру нәтижелері және алдағы жұмыстың жаңа басым бағыттары қарастырылды. Кеңес барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева, ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова атқарылған жұмыс жөнінде баяндады.

Отырыс барысында Қырымбек Көшербаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ұлттық жаңғырудың өзегіне айналуы керектігін айтып өтті.

«Адамзат баласы қазір күрделі трансформациялық кезеңді басынан кешіруде. Бұл кезеңнен нақты жоспары, айқын мақсаты бар қоғам ғана жеңімпаз болады. Біз бұл індетті, дағдарысты жаңа дамудың басы деп қарауымыз керек. Ендігі кезекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ұлттық жаңғырудың өзегіне айналуы тиіс. Қазақстандық қоғамның өзгерістерге дайындық индексі бүгінде өте жоғары», - деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.

Отырыста Қырымбек Көшербаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне өткізудің арнайы Жол картасын жасау туралы тапсырма берді. Құжат ауқымды ұлттық жоба ретінде жүргізіледі. Ұлттық жаңғыру жобасының ең басты мәні – Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

«Бұл – ұлттық жаңғырудың стратегиялық мақсаты болып қалады. Жол картасы аясында мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, жоғары ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, Еңбек адамын қалыптастыру, Ауылды түлету сияқты т.б кешенді іс-шаралар қамтылады», - деді ол.

Жол картасының Елбасы мен Президент қолдаған нұсқасын Үкімет қаулысымен бекітуді және әрбір мемлекеттік органға тиісті индикаторларды отырғызу тапсырылды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1291503
Пікірлер

Көрші сілтемелер