Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қызылорда облысында шілдеден бері 370 тұрғын ауласында тығылып той жасаған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:39 - 2020/10/29

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kyzylorda-oblysynda-shildeden-beri-370-turgyn-aulasynda-tygylyp-toy-zhasagan_a3712487


Қызылорда облысында шілдеден бері 370 тұрғын ауласында тығылып той жасаған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 5 шілдеден бері бүгінгі күнге дейін 24 мониторинг тобы 3019 рейд жүргізген. Нәтижесінде 752 заңбұзушылық анықталды.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда екінші рет той жасаған мейрамханалар мүлдем жабылуы мүмкін Атырау облысының кәсіпкерлері той өткізуге рұқсат сұрап отыр БҚО-да ауыл әкімі карантинге қарамастан ұлының үйлену тойын өткізген

Оның ішінде халыққа қызмет көрсету нысандарындағы бұзушылық саны – 364 , үй жағдайында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар саны - 370 және көшедегі топтық жиналу саны - 18 .

Карантин талаптарын бұзудың аудандар бойынша көрсеткіші:

Арал ауданы - 94

Қазалы ауданы - 153

Қармақшы ауданы - 77

Жалағаш ауданы - 88

Сырдария ауданы - 3 8

Шиелі ауданы - 59

Жаңақорған ауданы - 73

Қызылорда қаласы - 144

Анықталған 752 карантин талаптарын бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 35 225 040 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыруға қатысты және қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік сауда орындарына қатысты анықталған. Оның ішінде жеке кәсіпкерлікке қатысты- 14 , нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға- 351 , ал нысандарға қатысы жоқ жеке тұлғаларға қатысты 387 әкімшілік хаттама толтырылған.

Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі санитариялық талаптардың сақталмауына қатысты анықталған, яғни қызметкерлер маскасыз, қорғаныш қолғаптарынсыз халыққа қызмет көрсеткен, сонымен қатар шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған нысандар да бар.

Атап айтқанда, 261 дерек маска тағу ережесін бұзуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтамауға қатысты, жұмыс жасау уақытының шектелуін бұзу бойынша – 60 , тыйым салынған нысандардың қызмет көрсетуі бойынша – 29, залалсыздандыру талаптарының сақталмауы бойынша– 14 талап бұзушылық орын алды.

27.10.2020 жылы облыс бойынша карантин талаптарын сақтамаған 16 жеке тұлғаға 666 720 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Атап айтқанда:

Қазалы ауданында сауда орнында бетперде тақпау бойынша 2 факті, жеке тұрғын үйде үйлену тойын өткізу бойынша 6 факті анықталды. Карантин талаптарын бұзушыларға 333 360 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сырдария ауданында сауда орнында бетперделік режим сақталмаған және компьютерлік орталық қызметкері қолғапсыз қызмет көрсеткен. Нәтижесінде 83 340 теңге әкімшілік айыппұл салынды .

Шиелі ауданында компьютерлік орталық белгіленген уақыттан асырып жұмыс жасаған 1 факті және жеке тұрғын үйде той өткізу бойынша 3 факті анықталған. Карантин талаптарын бұзушыларға 166 680 теңге айыппұл салынды.

Жаңақорған ауданында қоғамдық тамақтану орны белгіленген шекті уақыттан асырып жұмыс жасаған. Бұдан бөлек, жеке тұлға той өткізген. Нәтижесінде 83 340 теңге айыппұл салынды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1291495
Пікірлер

Көрші сілтемелер