Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда 17 жылда жол апатынан 49 мың адам қаза тапқан



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:54 - 2020/10/29

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-17-zhylda-zhol-apatynan-49-myn-adam-kaza-tapkan_a3712467


Қазақстанда 17 жылда жол апатынан 49 мың адам қаза тапқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 17 жылдың ішінде жол апаты салдарынан 49 мың адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне қарасты «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Сағынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жолға жүгіріп шығып, көлік астына түскен баланың жағдайы белгілі болды Ақмола облысында жол апатынан 37 жастағы астаналық көз жұмды Алғашқы қар: Нұр-Сұлтанда бір күнде 50 жол апаты болды

«Әлемде жыл сайын жол апатынан 1 млн 350 мыңнан астам адам қаза табады. Бұл күн сайын 3,5 мыңнан астам адамның өмірімен қош айтысатынын білдіреді. Бұған қоса, жыл сайын 25 млн адам түрлі дене жарақатын алып жатады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Орталық бас директорының мәліметіне қарағанда, соңғы 17 жылдың ішінде елімізде 270 мың жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 49 мыңнан астам адам көз жұмған.

Ал түрлі дәрежеде дене жарақатын алған адам саны 300 мыңнан асып жығылады.

«Өкінішке қарай, жол апатынан қаза тапқандардың 50 пайызы - жастар», - деді Замир Сағынов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1291453
Пікірлер

Көрші сілтемелер