Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:51 - 2020/10/19

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/atyrau-munay-ondeu-zauytyna-zhospardan-tys-tekseru-zhurgiziledi_a3707780


Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында ақбөкендер саны 8 мыңнан асты Қазақстанның Бас мүфтиі «Таза әлем»  акциясына қатысты СҚО-да бір күнде заңсыз елік атудың екі дерегі тіркелді

17 қазанда Facebook-те «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС тарапынан шығып жатқан түтінге байланысты видео тараған еді.

«Аталған дерекке қатысты Атырау облысының Экология департаменті қызметкерлері сол күні оқиға орнына барып, кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында ауа сынамасын алды. Зертханалық талдау нәтижесіне сәйкес, күкіртсутегі, азот оксиді, азот диоксиді, көміртегі оксиді және көмірсутек мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан асқан жоқ. Сонымен қатар, департаментпен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеруді бастау туралы жұмыс жүргізілуде. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады»,- деп хабарлады Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282889
Пікірлер

Көрші сілтемелер