Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қостанайда Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ ашылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 06:15 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kostanayda-bauyrzhan-momyshuly-atyndagy-sayabak-ashylady_a3707607


Қостанайда Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ ашылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды. Соған байланысты мерейтойлық шаралар әр облыста бастау алды. Игі істен қостанайлықтар да шет қалмады.

17 қазанда Қостанай қаласы Тобыл өзені маңында батырдың 110 жылдық мерейтойына арналған тал егу акциясы өткізілді.

Акцияны Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды. Тал егу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова да қатысты. Сонымен қатар Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық білім басқармасы қызметкерлері, өңірлік фронт кеңсе еріктілері, Жастар ресурстық орталығының өкілдері өздеріне бекітілген аумақта ағаш отырғызды.

«Барлығы 110-ға жуық көшет егілді. Көгалдандырылған аумақты Б. Момышұлы атындағы саябақ ретінде ашу жоспарда бар. Мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқорлық танытуға үндейді.

Батыл, адал және табанды болған қасиетімен Бауыржан Момышұлы Халық қаһарманы атанды. Оның тұлғасынан жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасат табылады. Міне, жастардың бойына осындай асыл қасиеттерді дарыту пайдалы істерден басталады», - деп атап өтті облыстық Жастар саясаты басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282594
Пікірлер

Көрші сілтемелер