Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Күшті жел, қар аралас жаңбыр - жексенбіге арналған ауа райы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 05:36 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kushti-zhel-kar-aralas-zhanbyr-zheksenbige-arnalgan-aua-rayy_a3707602


Күшті жел, қар аралас жаңбыр - жексенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қазанда Қазақстанның солтүстік бөлігінде циклон және сонымен ілесе келген атмосфералық ағындардың салдарынан ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Осы демалыста күн суытады Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Еліміздің қалған өңірлерінде орталығы Қарағанды облысында орналасқан антициклон әсерінен ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. Ақмола, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде 1 градус үсік жүреді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282591
Пікірлер

Көрші сілтемелер