Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмолалық құтқарушылар қарттар мен мүгедектер үйіне көмек көрсетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 04:30 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/akmolalyk-kutkarushylar-karttar-men-mugedekter-uyine-komek-korsetti_a3707580


Ақмолалық құтқарушылар қарттар мен мүгедектер үйіне көмек көрсетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – «25 игі іс» республикалық акциясы шеңберінде ақмолалық құтқарушылар Көкшетаудағы «Үміт Шаңырақ» қарттар мен мүгедектер үйін паналап отырған көңілі жарым жандарға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төетенше жағдайлар министрлігінің 25 жылдығына орай, «25 игі іс» республикалық акциясы шеңберінде ақмолалық құтқарушылар Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД-нан игілік эстафетасын қабылдап алды. Акция барысында құтқарушылар Көкшетаудағы «Үміт Шаңырақ» қарттар мен мүгедектер үйін паналап отырған жандарға көмек көрсетті», - деді Көкшетау қалалық №2 Құтқару-өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы Жандос Жармұханбетов.

Өз кезегінде ақмолалық құтқарушылар эстафетаны әріптестері Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД-сына тапсырып, акциясы одан әрі жалғастыруға шақырды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282585
Пікірлер

Көрші сілтемелер