Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы полициясы күшейтілген  режимге көшті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:48 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almaty-policiyasy-kusheytilgen-rezhimge-koshti_a3697399


Алматы полициясы күшейтілген  режимге көшті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасына байланысты полиция қызметі күшейтілген режимге көшкенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды Алматыда бір түнде мемлекеттік нөмірі жоқ 50 автокөлік ұсталды Бейжіңде тікелей халықаралық рейстер тоқтатылуы мүмкін

«22-24 қыркүйек аралығында өтетін іс-шара жол-көлік оқиғасының алдын алуға және азайтуға, олардың салдарының ауырлығына бағытталған. Оның мақсаты – алдын алу жұмыстарын күшейту және жол пайдаланушылары арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын азайту. Бұл күндері жеке құрам күшейтілген режимде қызмет етеді. Сондай-ақ, «Қауіпсіз жол» науқаны аясында жолаушылар мен жүктерді автокөліктермен тасымалдауды жүзеге асыруда жол қауіпсіздігін бақылауға ерекше назар аударылатын болады», - дейді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, бөлімшеде жауынгерлік қызметтің жеке құрамына жүктелген негізгі міндет- жол жүру ережелерін бұзушылықтардың жолын кесу, жол ережелерінің талаптарын ескермейтін жүргізушілерді анықтау.

«Сондай-ақ, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Көбіне жол апатына тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі. Сондықтан мен тұрғындарға көшелерде қатаң белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдерінен және тек жасыл бағдаршамда өтіңіздер», - дегім келеді. Жүргізушілер өте мұқият болуы , жол ережесін бұзбауы және жылдамдықты сақтауы керек», - деді Жандос Мұраталиев.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1265076
Пікірлер

Көрші сілтемелер