Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Асқар Мамин: Үкімет агроөнеркәсіптік кешендегі жаңа жобаларды қолдайды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:39 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/askar-mamin-ukimet-agroonerkasiptik-keshendegi-zhana-zhobalardy-koldaydy_a3697392


Асқар Мамин: Үкімет агроөнеркәсіптік кешендегі жаңа жобаларды қолдайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет агроөнеркәсіптік кешендегі жаңа жобаларды қолдайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның астық экспорты артады Астық өнімдерінің экспорттық әлеуеті өте жоғары – Асқар Мамин Қазақстанда тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49 пайызға артты

«Жаңа жобаларды ұсыныңыздар, оларды қолдаймыз. Бұған Үкімет тарапынан басымдық беріледі. Біздің алдымызға тиісті міндет жүктелді, өңірде азық-түлік хабын құру мақсаты бар. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, экспорттық әлеуетті көтеру үшін мүмкіндік жоғары», - деді А. Мамин онлайн режимде Ақмола және Қостанай облыстарындағы ірі шаруашылық басшыларының баяндамасын тыңдау барысында.

«Еңбек өнімділігін арттырып, жаңа технологияларды енгізіп, жаңа экспорттық нарықтарға шығу керек. Мемлекет бастамаларыңызды толықтай қолдайды. Бұл қадамдар еліміздің барлық өңіріндегі аграрлық қызметкерлерге қатысты, сәйкесінше қолдау жасаймыз», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда А. Мамин Қазақстанда экономиканы датытуда ауқымды әлеует бар екенін, оны толықтай жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды.

Үкімет отырысында Премьер-Министр астықты сатып алу мен тасымалдауға қатысты бірқатар тапсырма берді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1265066
Пікірлер

Көрші сілтемелер