Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанның астық экспорты артады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:09 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-astyk-eksportty-artady_a3697378


Қазақстанның астық экспорты артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы әлемдік астық өнімі көлемі рекордтық деңгейде болады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49 пайызға артты Сапархан Омаров биылғы астықтың сапасына қатысты түсінік берді

«Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес, (2020 жылғы 27 тамыз) астық өндірісінің Ресейде, Канадада, Аустралияда өсуіне байланысты 2020 жылғы өнім көлемі әлемдік рекордтық деңгейде – 2,2 трлн тонна болады деп бағалануда (2019 жылы –

2,1 трлн тонна). Маусым жоғары астық қалдық қорымен – 630 млн тонна мөлшерінде аяқталады (2019 жылы – 622 млн тонна). Оның ішінде Астық жөніндегі халықаралық кеңес Қазақстанда 17,7 млн тонна көлемінде астық жиналады деп болжауда. Біздің бағалауымыз бойынша өнім 18 млн тоннаны құрайды», - деді министр Үкімет отырысында.

Сапархан Омаровтың сөзіне қарағанда, Астық жөніндегі халықаралық кеңестің бағалауы бойынша әлемде бидай өндіру көлемі 763,3 млн тоннаны (2019 жылы – 762,2 млн тонна), оның ішінде Қазақстанда 12,4 млн тоннаны (2019 жылы – 11,5 млн тонна) құрайды.

«Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұнның негізгі жеткізілімдері дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жолданатын болады. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға бидай (HI-Pro) жөнелтілімі артуы мүмкін», - деді Сапархан Омаров.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1265038
Пікірлер

Көрші сілтемелер