Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Астық өнімдерінің экспорттық әлеуеті өте жоғары – Асқар Мамин



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:54 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/astyk-onimderinin-eksporttyk-aleueti-ote-zhogary-askar-mamin_a3697368


Астық өнімдерінің экспорттық әлеуеті өте жоғары – Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы астықтың экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тонна болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сапархан Омаров биылғы астықтың сапасына қатысты түсінік берді

«Қазіргі уақытта егін жинау жұмысының 93 пайызы орындалды, астық көлемі 18 млн тонна көлемінде болады деп жоспарланып отыр. Орташа түсім бір гектардан 12,2 центнерді құрады. Биылғы астықтың экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тонна болады, бұл өткен жылғыдан кемінде 12,5 пайызға көп», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, жаһандық үрдіске қарағанда әлемдік нарықта азық-түлікке сұраныс пен оның бағасы ұлғая береді.

«Сондықтан біздің басым міндетіміз астық өсіру мен одан жасалатын өнімдер экспортының көлемін айтарлықтай ұлғайту. Бізде жоғары сапалы нан өнімдерінің өндірісімен қатар, астықты терең өңдеу үлгілері де бар. Атап айтқанда, глютен, крахмал және биоэтанол өндірісі. Жалпы, елімізде астық және одан жасалатын өнімдердің экспорттық әлеуеті өте жоғары. Осы әлеуетті барынша іске асыруымыз қажет», - деді Асқар Мамин.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1265020
Пікірлер

Көрші сілтемелер