Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:24 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shymkentte-100-zhastagy-azhey-pnevmoniyadan-zhazylyp-shykty_a3695682


Шымкентте 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты. Екі ғасырдың куәсі болған қарт кісіні медицина мамандары 100 жасқа толған күнінде ауруханадан шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алексей Цой коронавирус пневмониясы санының күрт ауытқуын түсіндірді Қарағанды облысында соңғы екі айда 34 балаға пневмония диагнозы қойылды

Қызтай Дүйсебекова осылайша жүзге толған туған күнін жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен бірге қарсы алды.

Қария 7 қыркүйек күні Асар шағынауданындағы ауруханаға ауыр халде жедел жәрдем көлігімен жеткізілген болатын. Дәрігерлер науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, өкпе тінінің 55% зақымдалғанын анықтаған.

Бұған қоса қарт кісінің асқазанындағы жарасы асқынған. Мамандар әжейді бөлімшеге жатқызып, вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізген. Нәтижесінде қарт ана толығымен айығып, үйіне қайтарылды. Зейнеткер дәрігерлерге алғысын білдіріп, ақ батасын берді.


«Түскен кезде жағдайы ауыр болатын. Оған хаттамаға сәйкес жүргіздік. Қазір жағдайы бір қалыпты», - дейді емдеуші дәрігер Ләззат Тіленшина.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1262067
Пікірлер

Көрші сілтемелер