Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:09 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almatyda-ortengen-paterden-3-adam-kutkaryldy_a3695669


Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өрт сөндірушілер өртенген пәтерден 3 адамды аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайда жүк көлігі аударылып, 8 адам мерт болды, 11-і жарақаттанды Петропавлда бес қабатты үй өртеніп, 75 адам құтқарылды Көкшетауда жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйел мерт болды

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Медеу ауданындағы Төлебаев көшесінде 8 қабатты үйдегі пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келген.

Өрт сөндірушілер келгенде 3-ші қабаттағы пәтерден қою түтін шығып жатқан.

«Астыңғы қабаттың тұрғындары үйлерінен шығып үлгерді. Өрт сөндірушілер үйге кіргенде пәтерде ес-түссіз жатқан ер адам табылды. Төргі бөлмеде матрац өртенген. Қасында тағы екі адам мас күйінде жатқан», - деді ТЖД.

49, 33, 52 жастағы ер адамдар токсикология бөліміне жеткізілді. Қазір олардың жағдайы жақсы. Өрт 18 минутта сөндірілді.

ТЖД алматылықтарға төсекте жатып темекі шекпеуге кеңес береді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1262053
Пікірлер

Көрші сілтемелер